Мақпал Жүнісоваға жетемін деп құлап қалған Арман Дүйсенов елді күлдірді
Композитор Арман Дүйсенов сахнада болған қызық сәтпен бөлісті. Ол Мақпал Жүнісоваға жетемін деп елдің алдында құлап қалған видеосын жариялады, деп жазады Stan.kz тілшісі.

"Арман залда отырған соң, әдейі шақырып жатырмын. Дайындықсыз қалай ойнайтынын көрейін деп едім. Өзім де дайындықсыз. Ұшақтан түсе салысымен осында келдім", - деп түсіндірді Жүнісова.
Осы аралықта әншіге келмек болған композитор сахнада тайып құлап түседі.
"Мені көрген жігіттердің бәрі осылай құлап түседі. Содан кейін де жігіттер онша жақындай қоймайды. Өйткені арты не болатынын біледі", - деп елді ду күлдірді Халық әртісі.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан