Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауырып қаламын": Мақпал Жүнісова желіде өзін балағаттайтындар жайлы айтты

Instagram-да жағымсыз пікір жазатын хейтерлер Мақпал Жүнісованы да айналып өтпеген. Халық әртісі кейбір мәдениетсіз оқырмандардың кесірінен талай рет ауырып қалғанын айтады. Бүгінде жанның тыныштығы үшін пікір қалдыруды шектеген. Желіде өзін балағаттайтындар жайлы Халық әртісі "Таңшолпан" бағдарламасында айтты. 

"90 адам мақтаса, 10 адам жақсылап тұрып боқтайды. Ол менің көңіліме тиіп қалады. Мен өзім эмоцияның адамымын, жүрегім ауырып қалады. Баяғыдай "кетші бар" деп айта алмаймын. Кәдімгідей жүрегіммен қабылдап қалып, 2-3 күн ауырып қаламын. Өзімді күту үшін комментарийді алып тастадым. Қазір құда да, құдағи да тыныш", - деп ағынан жарылды Халық әртісі. 

Анасына жазылған пікірлерге әншінің қызы Мерей де алаңдайтын көрінеді. 

"Қызым да айтады. "Мама, неге сен туралы олай жазды” деп, бір жағынан, оның да көңілі босап қалады. 



Ол кісілерге ермек сияқты. Мысалы, мен танымайтын адамға "жындысың, ақымақсың, маған ұнамайсың, кетші бар" деп жазбаймын ғой.  Жасы үлкен адам-ау деп қарамайды. Баяғыдай 17 жастағы қыз емеспін ғой. Міне, қаңтардың 11-інде 58-ге толайын деп отырмын. Құрметті, мені жек көретін адамдар, 60-қа толуыма екі-ақ жыл қалды, боқтамай-ақ қойыңдаршы", –  деп өтінішін білдірді әнші. 

Талқылау