Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мақпал Жүнісова Қарағандыдан келген туған әпкесін көрсетті (видео)

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова туған әпкесін көрсетті. Қарағандыдан Алматыға сапарлап келген қонақтар әншінің әпкесі мен сіңлілері. Мақпал ханым жақындарымен бірге кешкі ас ішіп, арқа-жарқа болды.

Бұл туралы Мақпал Жүнісова желідегі парақшасында мәлімдеді. 

Бұл менің Қарағандыдан келген туған әпкем мен оның қыздары, танысып қойыңыздар. Алматыға келіп жатыр. Бәріміз кешкі ас ішіп отырмыз. Мерейде бізбен бірге. Осыннан тамақтанып, үйден тортпен шай ішеміз. Таңға дейін әңгіме айтамыз. Түн тыныштығын берсін“, – деді Мақпал ханым. 

Әнші жақындары мейрамханадан тамақтандырып, кейін өз үйіне қонақ етті.

Көпшілік әнші мен әпкесінің ұқсамайтынын айтып жатыр. Енді бірі өзге әпке-сіңлілілері туралы сұрай бастады.

Бұған дейін Мақпал ханым туған сіңлісін көпшілікке көрсеткен еді. Халық еркесі сіңлісін 50 жасқа толған туған күнімен құттықтап, тілегін білдірді. 

Әнші бір анадан туған әпке-сіңлілері мен келіндерін де көрсеткен еді. Қалың көпшілік әншінің әпке-сіңлілері бір-бірінен аумайтынын айтып таңғалысты. 


Талқылау