Мақпал Исабекова: Ұлым - алты түрлі ұлттың өкілі
Мақпал Исабекова ұлының ұлтына қатысты сауалға жауап берді. Айтуынша, күйеуінің тегінде төрт түрлі ұлттың қаны бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аралас ұлт өкілі болғанымен, әншінің күйеуі Қазақстан азаматы болып шықты. Одан бөлек, әнші ұлын ота арқылы дүниеге әкелгенін айтты.
"Көрсеткіштер бойынша кесарь тілігін жасады. Қан қысымы, жүктіліктің соңғы апталарындағы ісік пен баланың ірі салмағы әсер етті. Бәрі Алланың қалауымен. Өзім тууға бекінгеніммен, ең бастысы, баланың денсаулығы еді. Демек, бала үшін дұрысы сол болды", - деп ағынан жарылды Мақпал.
Айта кетейік, былтыр тұрмыс құрған Исабекова жуырда тұңғышын дүниеге әкелді. Оған Теодор деп есім берді. Ол ұлының қырқынан шығару рәсімін арнайы мейрамханада атап өтті.
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады