Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Махаббат – құшақтасу мен сүйісу емес": Ләйлә Сұлтанқызы тұрмысқа шықпаған қыздарға ақыл айтты

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға орай жас қыздарға ақыл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Қызға қорған болу – ер азаматтың міндеті”, – дейді журналист. 

“Қыздың жолы ғана емес, ғұмыры да жіңішке. Өзінің де, өзгенің де тарапынан сәл қате қадам оны үзіп алуы мүмкін. Оған қорған болып, қабілеті қырық жанның көзіндегі отты сөндіріп алмау, қолдау, аялау – АЗАМАТТЫҢ міндеті. Қыздың бақыты мен тыныштығы – әке, іні, жардың құрметі, жауапкершілігі, сыйластығы. Кез келген ізгіліктің бастауы – тәрбие”, – дейді Ләйлә.

Сондай-ақ тележүргізуші қыздардың тәрбиесімен қатар денсаулығына да қатты алаңдайтынын жеткізді. Аяқты жылы ұстау, бас киім киіп жүру секілді ақыл-кеңесті де жіпке тізді.

“Әкеңе ұқсайтын жан ізде, тапсаң әкеңдей құрметте. Махаббат тек құшақтасу мен сүйісуден тұрмайды. Екеуара әңгіменің жарастығы отбасының беріктігіне тікелей әсер етеді. Отбасы болғаннан кейін балалы болу өте маңызды. Қыз күніңнен аяғыңды жылы ұстап, денсаулығыңды күт. Бала көтере алмасаң, айналаңның сөзбен де көзбен де қадайтынын ұмытпа. Тар құрсағын жібітпеді деген әңгімеге қаласың”, – деп ескертті.

Желідегі оқырман жарыса пікір жазып, есте сақтаймыз деп уәде беріп жатыр. Бірі “17-18 жастағы қыздарға оқыту керек десе”, енді бірі: “жанашырымыз мұндай ақыл айтпайды” деп ризашылық білдіріп жатыр. Ләйләні ұзақ жылдан бері оқитын оқырманы: “Күйеуіңнің үшінші әйелі болып тұрмыс құрарда осы ақылды өзіңе айтатын адам болмағаны” деп тиісіп қалды.  

Еске салайық, соңғы кезде тележүргізуші балалы бола алмай жүрген отбасыларға көмектесіп, қайырымдылық іс-шараларда жиі бой көрсетіп жүр.

Бұған дейін Қордайлық Сезім есімді қыздың арманын орындағанын жазған болатынбыз. 

Талқылау