Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз"-дың басшысы болып тағайындалды
Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ұлттық компанияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Самұрық-Қазына" АҚ Басқармасының шешімімен ҚР президентінің әкімшілігімен және ҚР үкіметінің келісімі бойынша Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды", - делінген мәлімдемеде.
- Министр Мағзұм Мырзағалиев отбасымен азық-түлікке қанша қаражат жұмсайтынын айтты
- "Тамара қалай демалды?": Дүйсенова өзінің еңбек министрі қызметіне қайта оралуы туралы пікір білдірді
Бұған дейін Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылған еді.
Ол бұл қызметті 2022 жылдың қаңтарынан бастап атқарған. Бұл қызметке дейін Мырзағалиев 2021 жылдың қыркүйегінен бастап энергетика министрі болса, одан алдын 2019 жылдың маусымынан бастап экология, геология және табиғи ресурстар министрі қызметін атқарған.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады