Мағжан Шамшадин бастаған балуандарымыз Grand Slam турнирге қатысады
Дзюдодан Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
11-13 қазан күндері Әбу-Дабиде дзюдодан Grand Slam бәсекесі өтеді. Аталған сынға Қазақстан командасы да қатысады. Әлемдік жарысқа қатысатын Қазақстан құрамы анықталды. Ерлерден 9, қыздардан 3 спортшы мықтылар арасында бақ сынайды.
Қазақстан құрамы төмендегідей:
60 келі: Мағжан Шамшадин, Дәурен Сүйеукенов
66 келі: Әділбек Берікұлы
73 келі: Дархан Қойбағар, Ермек Амангелді
81 келі: Жалғас Қайролла, Руслан Мұсаев
100 келі: Әділет Сапарғалиев
+100 келі: Мәди Еділбаев
Әйелдер:
63 келі: Есмигүл Куюлова
+ 78 келі: Назгүл Маратова, Карина Такиева.
Айта кетейік, бұған дейін дзюдошыларымыздың Загребтегі Гран-при турнирді екі алтынмен аяқтағанын жазған едік.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?

