Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мароккода магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болып, 100-ге жуық адам мерт болды (видео)

Мароккода магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Al-Arabiya басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі Марокконың Марракеш қаласынан шығысқа қарай шамамен 72 шақырым жерде болған.

Жерасты дүмпулерінің елдің солтүстігіндегі Марокко астанасы Рабаттан оңтүстігіндегі Сиди Ифни қаласына дейін сезілгені хабарланды.

Кейбір ақпарат құралдарының хабарлауынша, кем дегенде 93 адам жер сілкінісінің құрбаны болды. 30-дан астам ғимарат қираған. Ауруханалар толып жатыр.

Талқылау