Магистратураға түсу үшін тест тапсырғандардың жартысынан азы ғана шектік баллды еңсерген
Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға түсу үшін кешенді тестілеудің аралық қорытындысын шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Емтиханға 43 мыңға жуық өтініш берілген, 23 мың үміткер тестілеуден өтті. Олардың 43%-ы ғана шекті балл жинады. Орташа көрсеткіш – 73 балл. Максималды балл – 130.
Ережені бұзғаны үшін 149 қатысушының нәтижелері жойылды. Емтиханға дейін смартфон және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін 92 үміткер жіберілмеді. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін 57 адам аудиториядан шығарылған.
Биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді.
Кешенді тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады. Магистратураға ғылыми-педагогикалық бағытқа түсу үшін өту балы – 75 балл, бейіндік бағытқа – 50 балл.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген