Мәдина Сәдуақасова: Жолдасым маған бірде-бір рет киім алып бермеген
Мәдина Сәдуақасованың сән әлеміндегі ұстанымы - әйел адам әдемі әрі жарасымды киімді таңдағаны жөн. Ал жолдасы Олжас әйелінің бар еркелігін көтеруге дайын болғанымен гардеробына бас сұғып киім таңдауына бас қатырмайды.

Бұл туралы Paparazzi бағдарламасында айтылды.
Отағасының өзі де бұл іске ұлының анасын араластырмайды екен.
"Жолдасым ешқашан да маған киім алып көрмепті. Ол киім деген нәрсені өте ұнатпайтын адам. Ол өзі киінеді. Мен өзім киінемін. Мен оған сатып алған киімдер ешқашан киілмейді. Сол күйі тұрады. Ол ашық түсті киімдерді кимейді. Мен керісінше ашық түсті жақсы көремін. Ол қара, ақ, сұр, көк түстерді ғна ұнатады", - деді әнші.
Олжас пен Мәдина өмірде бір-бірін таңдағанымен сыртқы образда талғамдары бөлек. Тіпті әншінің жолдасы әйелі сыйлаған қымбат брендті киімдерді де кимейтін көрінеді.
"Мен бастапқыда ренжитінмін. Бірақ менің таңдағандарымды ұнатпайды. Оның өзінің талғамы бар. Қазір оған үйреніп кеттім", - деді Мәдина.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады
Адвокат мән-жайды айтып берді
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"