Мәдина Сәдуақасова табиғатына жат бейнебаян түсіріп жатыр
Сәдуақасова араға біраз уақыт салып өнерге қайта оралды. Іске білек сыбана кіріскен әнші “Қайда сезім” атты әніне бейнебаян түсіріп жатыр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Әнші жаңа бейнебаян түсіріп жатқаны туралы инстаграмдағы парақшасында жазды. Мамандарды Шығыс Еуропадан алдырған екен.

“Мәдина сізбен жұмыс істегеніме қуаныштымын. Сен позитивке толы күндейсің” деген стилист Рафаэл Роменге әнші шыдамдылығы үшін рахмет айтты.
Бейнебаянды Украина режиссері Родислав Лукин түсіріп жатыр екен. Ол қай әнге бейнебаян түсіретінін де өзі таңдаған болып шықты.

Аталған бейнебаян әншінің өзге туындыларынан ерекшеленетінін анық. Өйткені ол бастапқыда режиссердің ұсынысына қарсы болып, жазып берген бейнебаян желісінің болмысы мен табиғатына сай келмейтінін айтқан.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін Сәдуақасоваға жұбайы бұрынғы отбасы туралы айтпауын өтінгені туралы жазған болатынбыз.
Алматыда әскери қызметкер сағызға қақалған қыздың өмірін қалай құтқарып қалғанын айтып берді
Хасен-Сұлтан оқиға дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын айтады
Алматыда Непалдағы ауқымды сел тасқыны қайталануы мүмкін бе: Сарапшылар қауіпті бағалады
Сарапшы Ақсай бөгеті құрылысының тоқтап қалғанына алаңдаулы