Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәди Такиев пен Нұрлан Сауранбаев қызметін сақтап қалды

министрлер
Фото: Коллаж Stan.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы және Көлік министрлерін өз лауазымында қалдырамын деп шешті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Мұны Ақорда баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Мемлекет басшысының жарлығымен Мәди Төкешұлы Такиев Қаржы министрі, Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Көлік министрі лауазымына тағайындалды”, – делінген хабарламада. 

Қаржы министрі туралы не белгілі?

Мәди Такиев 1978 жылы 1 сәуірде Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын “Бухгалтерлік есеп және аудит” мамандығы бойынша бітірген.

2005 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломын алған.

Үйленген, үш ұлын тәрбиелеп отыр.

Мемлекеттік наградалары: "Ерен еңбегі үшін", "Құрмет" ордені, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен және ведомстволық наградалармен марапатталған.

М.Т. Такиев Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар Кеңесінде Қазақстан Республикасынан Басқарушы және Еуразия даму банкінің Кеңесінде Қазақстан Республикасының өкілетті өкілінің орынбасары болып табылады.

Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ғылым министрлігі – Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтында бас есепшісі болып бастаған.

2000-2008 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, ШКС жұмыс, аудит жөніндегі бөлімдердің басшысы.

2008-2009 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.

2009-2012 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары.

2012-2013 жылдары – ҚР ҚМ Салық комитетінің Басқарма басшысы.

2013-2014 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

2014 жылы – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты.

2014-2017 жылдары – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

2017-2019 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры.

2019-2020 жылдары – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

2020-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

2023 жылғы наурыз - 2024 жылғы 6 ақпан аралығында – VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі.

2024 жылғы 6 ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі.

Көлік министрі туралы не белгілі?

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылғы 20 мамырда дүниеге келген. Алматы қаласында орналасқан №30 орта мектепте оқыған. 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін "Саяси экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Еңбек жолын кәсіпкерлік құрылымдарда бастады. Одан әрі 1997-2011 жылдары аралығында теміржол және мұнай-газ салаларындағы ұлттық компанияларда жұмыс істеді. 2011 жылдан бастап ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, Қорғаныс Министрінің орынбасары (2014-2016), Шымкент қаласының әкімі лауазымдарында еңбек етті (2017-2018). Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды (2019-2021).

Бұған дейін "ҚТЖ "ҰК"АҚ төрағасы қызметін атқарды.

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 03 Қыркүйек, 2026 11:06