Мәдениет және спорт министрі отставкаға қашан кететінін айтты
Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте өзінің отставкаға қашан кететіні жөніндегі сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр "Министрдің қарамағында жұмыс істеген орынбасар Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, Райымқұлова отставкаға кетуге дайын ба?" деген сұраққа ең алдымен кінә дәлелдену қажеттігін алға тартты.
"Конституцияға сәйкес кінәсіздік презумпциясы бар деп айтқым келеді. Ең алдымен, кінәні дәлелдеу керек. Егер кінә дәлелденсе, онда, әрине, заңға сәйкес, мен отставкаға кетемін. Бірақ бұл кінә дәлелденген жағдайда", - деді Ақтоты Райымқұлова.
Еске салсақ, Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтың ұсталғаны туралы ақпарат 22 ақпанда тарады. Шенеунік букмекерлік қызмет саласындағы мүдделерге қолдау көрсетті және жалпы қамқорлығы үшін пара алды деген күдікке ілінді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі