Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрлігі Асхат Ниязовты не үшін желідегі жазбаны бөліскені үшін жауапқа тартқанын түсіндірді

Мәдениет және ақпарат министрлігі журналист Асхат Ниязовты біреудің хабарламасын бөліскені үшін не себепті сотқа бергенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

видеодан скрин

Қаңтар айында ProTenge Telegram арнасында елде жұмыс істеуге аккредитация алмаған "Азаттық радиосының" журналистеріне қолдау көрсеткен жазба пайда болды. Артынша журналист Асхат Ниязов бұл жазбаны бөлісті. Мәдениет министрлігі құқық қорғау органдарына шағым түсіріп, Асхат Ниязовқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

"Әңгіме Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-бабының 2-ескертуі туралы болып отыр. Өткен жылдың қыркүйегінен бастап бізде интернет-платформалар және интернет-жарнама туралы заң бар, оның аясында бұл бап пайда болды. Ол не үшін қабылданды? Ол қандай да бір жалған немесе фейк ақапараттарды тарату әрекетіне әкімшілік жауапкершілік қарастыру мақсатында жасалды. Бұл жерде сөз тек жаряланымдар туралы ғана емес, ондай ақпараттарды таратуға да қатысты болып тұр. Әңгіме репост жасауда", – деді Евгений Кочетов сенат кулуарында. 

Осы бап бойынша, вице-министр атап өткендей, жыл басынан бері 126 заң бұзушылық анықталды. Негізгі мақсат – жалған және тексерілмеген ақпаратпен күресу.

"Азаттық радиосы" журналистеріне аккредитация берілмеген жағдайда, бұл бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға енгізілген түзетулерге байланысты болды. Бірақ сіз бен біз бұл іс жүзінде олай емес екенін түсінеміз, өйткені заң әлі қабылданбаған, ол әлі мәжілісте, екінші оқылым болған жоқ. Сондықтан сенімді ақпарат емес хабарлама жіберілді", – деп қосты Евгений Кочетов.

Журналистер Мәдениет министрлігі басылым авторларының үстінен сотқа шағым түсіре ме, жоқ па деген сауал қойды. Кочетов министрліктің аталған мазмұнды жариялау және тарату жағдайлары бойынша құқық қорғау органдарына хабарлама жібергенін түсіндірді. Қалған сұрақтарды сотқа жолдау керек деді вице-министр.

Бұған дейін журналист Асхат Ниязовтың үстінен іс қозғалғанын хабарлаған едік. 

Талқылау