Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Видео қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүріне қайшы келеді": Киіз үйде жартылай жалаңаш билегендерге қатысты Балаева пікір білдірді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева киіз үйде жартылай жалаңаш билеген қыздардың видеосына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Ол аталмыш видеоға қатысты пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

“Мәдениет және ақпарат министрі ретінде киіз үйде би билеп, бейәдеп әрекетімен қоғам назарын аударған бейнеролик туралы айтқым келеді. Мұндай контент қоғамда алауыздық тудыруы мүмкін. Арандатушылыққа да ұрындыруы ықтимал. Әрине, өскелең ұрпақ тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Видеоның мазмұны қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне қайшы келеді”, – делінген жазбада. 


"Жар-жар әнімен емес, сүремен қарсы алды": Жаңаөзендегі үйлену тойы көпшіліктің ашуын туғызды


Сондай-ақ министр медиа саласында жүргендерді контент жасауда мұқият болуға шақырды. Министрдің айтуынша, кез келген шығармашылық жұмыста ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды құрметтеуге басымдық таныту керек. 

Еске салсақ, бұған дейін желіде киіз үйде жартылай жалаңаш билеген жастардың видеосы тарағаны туралы жазған едік.

 

Талқылау