Интернет дүкен арқылы есірткі сатқан төрт қазақстандықтан 2 миллиард теңге мен люкс көліктер тәркіленді

Қазақстанда интернет дүкен арқылы есірткі сатқан 4 азамат 18 жылға сотталды. "Дюнь оператор" деп аталатын дүкен арқылы заңсыз қызмет еткендерден 2 миллиард теңгеден астам қаражат тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Прокуратураның мәліметінше, қылмыс 2025 жылдың қыркүйегінде әшкере болған. "ДЮНЬ ОПЕРАТОР" интернет-есірткі дүкенінің қызметін жүзеге асырған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтан Жамбыл, Ақтөбе облыстарының аумағында және Шымкент қаласында 4 адам ұсталды.
“Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған 2 миллиард теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленіп, жалпы құны 100 миллион теңгеден асатын мүлікке тыйым салынды. Бұдан бөлек, заңсыз айналымнан аса ірі мөлшерде есірткі заттары алынды. Сондай-ақ сотталғандарға тиесілі люкс санатындағы автокөліктері тәркіленді”, – делінген хабарламада.
-
Петропавлда Украинадағы соғыста қаза тапқан адамды соттамақ болған
-
Талғардағы жұртты дүр сілкіндірген оқиға бойынша учаскелік полицей сотталды
19 ақпан мен 20 наурызда Маңғыстау облысының соты сотталғандарды трансұлттық ұйымдасқан топ мүшесі деп танып, оларды есірткі тарату, ірі көлемде сақтау, заңсыз бизнес жүргізу және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша кінәлі деп тапты.
Сотталғандарға 16 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімдері заңды күшіне енген жоқ.
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: Ыхтиярхат ала алар ма едіңіз, тексеріп көріңіз