Жүргізушісіз такси өздігінен тоқтай алмай, жолаушы ұшақтан қалып кетті
Лос-Анджелесте жүргізушісіз такси тоқтамай, көлік тұрағын айналып жүргендіктен ер адам рейсінен қалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BILD Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: BILD
Майк Джонс Аризона штатына қарасты Скотсдейл қаласындағы үйіне қайтатын болып, әуежайға жету үшін Waymo таксиіне тапсырыс берген. Waymo – бұл Google-дің еншілес компаниясы. Ол өздігінен жүретін көліктерді жасайды.
Әуежайға жеткен соң көлік шеңбер бойымен айналып, мүлдем тоқтамаған. Майк көлік есігін ішінен өздігінен аша алған. Ал қолдау қызметкері көлікті ұзақ уақыт бойы қашықтан тоқтата алмай әлекке түскен.
Жолаушы өзін "фантастикалық триллерде" жүргендей сезінгенін жеткізді. Майк көліктен шыққан кезде ұшақ ұшып кеткен.
Жолаушы компаниядан кешірім де, өтемақы да алмағанын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін енді Tesla роботтары мен жүргізушісіз таксилерін адамдар қашықтан басқаратыны туралы жазған едік.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады