Ұлыбританияда еврейлердің құқығын талап ететін митингке 50 мыңнан аса адам жиналған
Лондонда антисемитизмге қарсы шеру өтті. 50 мыңға жуық демонстрант еврейлерге қарсы өшпенділік қылмыстарының көбеюіне қатысты наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Наразылық білдірушілер елде еврейлерге деген өшпенділік өршіп тұрғанын айтты. Олар ХАМАС тұтқынға алған израильдіктердің суреттерін алып шықты.
Оның алдында Лондонда Палестинаны қолдайтындар Газа секторындағы атысты тоқтатуды талап етіп, наразылық акциясын жасады.
Полиция сенбі күнгі шеруге 45 000 адам, ал жексенбі күнгі наразылыққа 50 000 адам қатысты деп есептейді.
Лондонның метрополитен полициясы 1 қазан мен 1 қараша аралығында 554 антисемиттік құқық бұзушылық орын алған. Ал исламофобиялық қылмыстар туралы хабарламалардың саны шамамен үш есеге өсіп, 220-ға жетті.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі