Ливияда су тасқынынан 2000-нан астам адам қаза тапты деп болжануда
Ливияның шығысындағы жойқын су тасқынынан 2000-нан астам адам қаза тапты деп болжануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Al Jazeera
Ливия билігі Дерна қаласын ең көп зардап шеккен апат аймағы деп жариялады. Электр қуаты мен байланыс өшірілгендіктен, қаламен байланысу қолжетімсіз болған.
Елдің әскери өкілі Дернада қатты су тасқынынан 1200 адам жарақат алғанын хабарлады.
5000-нан 6000-ға дейін адам хабар-ошарсыз кеткен.
Шенеуніктің айтуынша, Әл-Марж, Суса, Шахат және Әл-Байда қалаларында да бірнеше адам қаза тапқан.
"Оңай" картасының ресейлік "Золотая корона" жүйесімен қандай байланысы бар: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
"Оңайға" қатысты бірден екі мәселе туындады
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды