Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ленинге пародия жасаған Галкин коммунистердің жаппай наразылығын туғызды (видео)

Танымал ресейлік пародист Максим Галкиннің кезекті пародиясы “Коммунисты России” партиясының өкілдерінің наразылығын тудырды.

Безымянный

Қазір Каприде жұбайы Алла Пугачевамен бірге демалып жүрген Галкин бейнежазбаны Инстаграмдағы парақшасында жариялаған. Онда ол Владимир Ленинге пародия жасапты. Бұған ашуланған партия өкілдері болса бірнеше жылдан соң жұрт Галкин туралы ұмытады, ал Ленин мәңгілікке қалады дейді.

“Ұлы октябрь социалистік революяциясының 100 жылдығы қарсаңында оның мұндай әрекет жасауы еліміздің көптеген азаматтарының намысына тиеді. Ненің не екенін білмейтін бұл жас жігітті тоқтату керек. Және телеарналарға да шақырмау керек”, – деді партия өкілдері. Бұған жауап берген Галкин пародиясының еш сөкеттігі жоқ екенін айтқан.

“Мен саясаткердің сөзімнен лингвистикалық қате тауып беруін сұраймын. Және нақты қай жері ұнамағанын айтсын. Ал мен кімге қандай пародия жасағым келеді, оны өзім шешемін”, – дейді Максим.

Ленин. Капри. 2017 🗣 #ленинжив #максимгалкин

Публикация от Максим Галкин | Official (@maxgalkinru)

Оқи отырыңыз:

ИЫҰ бас хатшысы: Исламофобиямен ғылымның көмегімен күресу қажет

Үндістанда жеті тісі бар сәби дүниеге келді (фото)

Көп қабатты үй құлады: «Ирма» дауылының қорқынышты видеолары тарады

Lexus көлігінде 4 адам тірідей жанып кетті

Талқылау