AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы әдемі өмір сүрудің 6 құпиясын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы әдемі өмір сүрудің 6 қағидасын айтты. Тележүргізуші бақытты болуды адам үйрене алмайды, оны тек сезінеді дейді. Бақытты болуың үшін жауапкершілікті сезіну керек деп жазды. 

Ләйлә Сұлтанқызы: Тұрмысқа ерте шығып ажырасқанша, саналы түрде шығыңдар

“Әдемі (жеңіл, дұрыс, бақытты) өмір сүрудің 6 қағидасы. Өзіңізді еркін ұстаңыз. Соңғы жылдары “Қалай бақытты болу” деген бос әңгімеге 8 миллиондай репост жасалыпты. Неғұрлым бай, бақытты, тепе-теңдікте болуды ойлай берсеңіз соғұрлым тез қажып, шаршап кетесіз. Бақытты болуды үйрену мүмкін емес, оны тек сезіну керек”, – дейді Сұлтанқызы.

Екінші ойға алар жайт – адам қиындықтан қашпай, бәріне сабырмен қарау керек. Бұл екінші қағида.

“Өмірдегі қиындықтардан қашпаңыз. Бізге қиындық, ауыртпашылық әкелетін нәрселердің артында үлкен “сыйлық” бар. Спортзалдан кейін денеңіздің ауруы – әдемі фигура болса, жұмыста қиналғаныңыз кәсібилігіңізді арттырады”, – деді ол.

Тележүргізуші өзгелерден даралануға ұмтылудың түкке керегі жоқ деген пікірде. Бұл өзіңізді жай ғана алдаумен бірдей. 

“Басқалардан өзгеше болуға тырыспаңыз. Жаратушы бізді онсыз да жеке дара, ерекше етіп жаратқан. Ерекшеленуге әдейі тырысу кейде күлкілі”, – деді Ләйлә ханым. 

Адамның өз пікірі, ұстанымы болу керек дейді. Әрдайым біреудің ойымен санасып жүру мүмкін емес.



“Өміріңіздегі басты құндылықтарды анықтаңыз. Ол міндетті түрде жақсы мінез-құлық емес, кез келген жағдайда өз пікіріңіз бен көзқарасыңыздың болуы; Әрдайым біреудің ойымен, сөзімен жүрмеңіз жеке тұлға ретінде болыңыз”, – деді.

Ұят боладыға салынып, оған көне берудің керегі жоқ. Өзіңізде ұнаған немесе ұнамаған нәрседен бас тартуға құқылысыз дейді тележүргізуші. 

“Жоқ” деп айтуды үйреніңіз. Біздің қоғамда қалыптасқан ұят боладының жетегінде кете бермей, ұнамайтын нәрседен бас тартып, жеке шекараңызды бұзбаңыз”, – деді Сұлтанқызы.

Алтыншы қағида жауапкершілікті сезіну. Бұл әр адамда болу керек қасиет. Өзгеден емес, мінді алдымен өз басыңнан іздеу керек.

“Өзіңізге жауапкершілік алыңыз. Барлық сәтсіздікке біреуді кінәлауды қойыңыз, “әкім кінәлі, мұғалім кінәлі, күйеуім, енем кінәлі”… дұрыс емес. Болған жағдайға өз жауапкершілігіңізді сезініңіз, өзіңізге, өз күшіңізге ғана сеніңіз, сонда ғана өміріңіз түрлене түседі”, – дейді тележүргізуші. 

Желі қолданушылары өз пікірін ортаға салды. 

“Міне, Ләйла ханым сізге дәл осылай сөйлеген жарасады. Керемет”, “Жоқ” деген сөзді айтуға болмайды”, “Әдемі өмір сүрудің қағидасын осылар біледі”, “Өзіңнен көр, жамандық көрсең де, жақсылық көрсең де”, “Адам бақытты үйренбейді, бақытты сезінеді, жақсы айтылған екен”, – деді олар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр