Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Перзентханаға көлікпен өзім бардым": Ләйлә Сұлтанқызы ұлын қалай босанғанын айтып берді

Ләйлә Сұлтанқызы ұлын туған күнімен құттықтай отыра, оны өмірге қалай әкелгенін айтты. Толғағы келген тележүргізуші перзентханаға көлікпен өзі барғанын айтты. 

Ләйлә Сұлтанқызы туған күніне жиналған ақшаны қайырымдылыққа жұмсады

"Әрбір әйелде босанған кезіндегі қызық оқиға болады. Сардарымды босанған күнді еске алғым кеп отыр. 17 ақпан күні Алматыдағы «Ана мен бала» орталығына көлікпен өзім бардым. Толғақтың алғашқы белгілері басталды. Шыдай алмайтын болған соң жамбас омыртқасына эпидуралка (эпидуралка — босануды ауырсынуын басатын эпидуралдық анестезия) салдырып алдым. Серіктес боп кірген жеңгем оны көріп ана жерде талып жатыр. Оның қаупі бар екенін ескертті, бірақ мен қорықпадым.

Ләйлі ханым ұлын тақ санда емес, жұп санда босанғысы келгенін айтты.

"Содан не керек, толғатып жатырмын, толғатып жатырмын. Эпидуралка салдырған соң басылғандай болды. Уақыт өтуде, біз күтіп жүрміз. Сағатқа қарасам, 23:30. 12-ге дейін босанбасам, 19 ақпан боп кетеді деп қоям. Сондағы ойым 19 деген цифр ұнамай тұр. 18 деген жұп сан, әдемі ғой деп өзімше ойлап қоям. Сонымен он екіге 15 минут қалғанда Алия Робертовна мен Нағима Мусралиевна босандырып алды. Құдайдың бұйыртып тұрғаны ғой бұл балаға. 18 ақпан күні дүние есігін ашты. Міне, бүгін сол балам Сардарым 12 жасқа толып жатыр! Туған күніңмен, құлыным! Асқақ армандарың орындалсын" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

"Құтты болсын туған күн. Ақылды азамат болсын", "Қазақтың үлгі тұтар жігіті бол. Туған күніңмен", "Қазақтың ұлы болсын", "Әйел бақытын тілеймін", "Өзіңіз бен балаларыңыздың дені сау болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Талқылау