Лаоста құлдыққа түсіп қалғанын мәлімдеген ару Қазақстанға оралды
Лаоста құлдыққа түсіп қалған отандасымыз Әнел Бермағанбет Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: instagram.com
"Мен үйдемін, менің Қазақстаным", – деп жазба қалдырды бойжеткен Instagram-парақшасында.
Еске салайық, 20 тамызда Қазақстан азаматы Әнел Бермағанбет Лаос Республикасында өзін күштеп жеке үйде ұстап отырғаны туралы мәлімдеген болатын. Ол шақырту бойынша Таиландқа жұмысқа барғанын, алайда артынша Лаосқа кеткенін, өзін жұмыс берушілердің жабық аймаққа әкеліп, қамап ұстап отырғанынын айтқан еді.
Аталған жайтқа қатысты ҚР полициясы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Сондай-ақ отандасымыз тап болған оқиға туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарланды. Бұл іске сол елдің жергілікті полициясы да араласқан. Ал 26 тамызда Әнелдің құтқарылып, отанына қайтатыны белгілі болған еді.
Астанада туристің видеосына түскен полицейлер не үшін жұмыстан шығарылды? Бұл заңды ма
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды