Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лаңкестік әрекетті кім ұйымдастырғанын түсініп отырмыз – Дағыстан басшысы

Дағыстан басшысы Сергей Меликов ел тұрғындарына видеоүндеу жасады. Ол лаңкестік әрекетке қатысты дағыстандықтардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Бейнежазба Сергей Меликовтың Telegram-дағы ресми парақшасында жарияланды.

“Біз лаңкестік әрекеттердің артында кім тұрғанын және олардың нені көздегенін түсініп отырмыз. Ұйымдастырушылардың нендей мақсатқа ұмтылғаны белгілі. Әрине, бүгін біз тағы да өзімізді бүкіл әлемде болып жатқан оқиғалардың қатысушысы ретінде сезіндік. Бұрын мұндай іс-шараларға елімізді шетелде жүріп қорғайтын арнайы әскери операцияның мүшелері қатысатын еді. Бірақ соғыс біздің үйге де келетінін түсінуіміз керек. Біз мұны бұрын да сезінген едік. Бірақ бүгін біз бұл соғыспен бетпе-бет келіп отырмыз”, – дейді Дағыстан басшысы Сергей Меликов.

Ол Дербенттегі синагогалар мен шіркеулерге жасалған шабуыл мен Махачкаладағы жол полициясы бекетіне жасалған шабуылды халықты ыдырату әрекеті деп бағалады. Сергей Меликов қолдау білдіріп жатқандарға, сондай-ақ лаңкестік әрекеттердің зардаптарын жоюға көмектесуге ниет білдіргендерге алғыс айтты.

Оның айтуынша, “ұйқыдағы ұяластардың” бәрі анықталғанша жедел іздестіру және тергеу шаралары жүргізіледі.

Еске салайық, 23 маусым күні Дағыстанда белгісіз біреулер православ шіркеуі мен синагогаға шабуыл жасағаны туралы жазған едік. Кешкі уақытта Дағыстанда екі теракт жасалып, салдарынан 15 полицей жөз жұмып, 34 адам зардап шекті. Дағыстанда терроризмге қарсы операция режимі енгізілді.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Путинге көңіл айтқан еді.

Талқылау