Lake Town-1 тұрғындары пәтерлерінің кілттерін алды
Алматыда Lake Town тұрғын үй кешенінің бірінші кезегінің кілттері тапсырылды. 226 пәтер пайдалануға берілді. Нысанда құрылыс-монтаждау жұмыстары 2019 жылдың мамыр айында басталған. Кешен үш кезек пен 8 үйден тұрады.

"Ыңғайлы орналасу, заманауи сәулет, қауіпсіздік және функционалдылық, пәтерлердің сәтті жоспарлануы – тұрғын үйді жайлы етеді. Кешеннен 10 минуттық жерде – 25 медициналық мекеме, балабақша және метро станциясы бар. Сондай-ақ көлікпен Grand Park, ADK СОО, Hockey World, Almaty Management University және Magnum Cash&Carry мұз айдынына лезде жетуге болады", – дейді жобаның бас инженері Евгений Абрамович.

Заманауи дизайн мен сәулет Lake Town ТҮК-ті эстетикалық және қайталанбас етеді. Аумақ абаттандырылған, мұнда сіз өзіңізді қауіпсіз сезінесіз. Жайлы аула, көл жағасы – осының барлығын белсенді тұрғындар да, балалары бар отбасылар да бағалайды. Аула аумағына тек шұғыл жағдайларда ғана көлік кіре алады, сондықтан ата-аналар балаларының қауіпсіздігіне алаңдамаса да болады. Ал заманауи бейнебақылау жүйесі аумақты толығымен бақылауға мүмкіндік береді.


Клиенттерге Connected Home: есіктің ашылу датчиктері, судың ағуы, температура мен ылғалдылық, өрт туралы ескертулер, электр қуатын басқару, суды жабатын электр клапандары сынды опциялар ұсынылады.

Жаңа қоныс құтты болсын!