Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лабрадор жедел жәрдем шақыруға көмектесіп, иесінің өмірін сақтап қалған

Англияның Престон қаласы, Ланкашир графствосында иесі баспалдақтан құлап кеткен кезде, төбет алты жасар балаға жедел жәрдем шақыруға көмектескен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті The Sun басылымына сілтеме жасап.

36 жастағы Мия Эллери (Mia Ellery) үйіндегі баспалдақтан құлап кетіп, тұра алмай қалған. Қол-аяғын сезбей, мүлдем қозғала алмай қалған. Көмекке шақырғанымен, 6 жасар қызы Хонор (Honour) құлаққаппен мультфильм көріп жатқандықтан ештеңе естімеген.

Сол кезде Мия Бентли деген итіне қызын алып келуді өтініп белгі берген. Лабрадор қонақ бөлмеге жүгіріп, қызының құлаққабын жұлып алған. Кейін бөлмеден шықпайынша киімін жұлқылай берген.


Иттер туралы таңғажайып мәлімет

Одан соң иесінің телефонын тауып берген, қызы дәрігерлерді шақырады. Олар келгенше төбет Мияның жанынан шықпаған. Әйел адам арқасы және омыртқасы зақымданып ауруханаға жатқызылды. 

Мия лабрадорына риза болып, көптен бері тоңазытқыштан сыра, теледидардың пультын, мобильді телефонды әкелуді үйретіп қойғанын айтты.

Талқылау