Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада ескі жатақхананың қабырғасы құлады

Қызылорда қаласында жатақхананың құлаған бөлігінде арнайы штаб құрылды. Кеше кешкі сағат 23.05-те Қызылордада 5 қабатты жатақхананың бір бөлігі қирады. Абырой болғанда құлаған бөлікте ешкім тұрмайды екен. 1971 жылы салынған ғимараттың бірінші және екінші бөлігі ғана пайдалануға берілген.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Бұл жатақханада 63 адам тұрады, оның ішінде 17 бала Қызылорда қаласының № 2 мектебіне орналастырылды. Қазір қоқыстарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, жұмысқа Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаментінің 54 қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ, штаб қатарына Оңтүстік аймақтық әуе кемелерін құтқару бөлімшесінің 36 қызметкері, әкімшіліктің 50 жұмысшысы мен жергілікті полициясы кіреді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында мектеп оқушысы Қазақстан азаматтығын ала алмай жүр

Такси шақыртып жүргізушіден таяқ жеген Астана тұрғыны ауруханаға түскен

Диплом сатамыз: қазақстандықтар желідегі жарнамаға шүйлікті

Атыраудағы мұнай зауытында қытай азаматтары күзетшілермен төбелесті

Талқылау