Қызылорда облысында 8 сынып оқушысы өз-өзіне қол салмақ болған
Қызылорда облысында жасөспірім өз-өзіне қол салмақ болған. Баланың қалай құтқарылғаны жөнінде БҰҰ балалар қоры айтып берді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
“Мұхамеджанның әңгімесіне сүйенсек, мұндай ойлар мен психологиялық проблемалар кез келген балада болуы мүмкін: ата-анасымен бірге тұра ма, жоқ па, ауқатты отбасынан шыққан ба – бәрі бір”, — деп атап өтті қор.
Жасөспірім шығармасында ауқатты толыққанды отбасыдан шыққанын, екі қарындасы бар екенін жазыпты.
“Бірақ, отбасы болғасын ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды дейді ғой. Үй ішіндегі жанжалдан әбден жалыққаным сонша, алысқа кетіп қалғым келді. Мұндай жайт менің басымда ғана бардай көрініп, тығырықтан шығар жалғыз жол – өлім деп ойладым. Бірақ маған мектептегі психологымыз Алтынбекова Жадыра көмектесті”, — дейді ол.
Баланың айтуынша, психолог суицидтің алдын алу туралы тренинг өткізіп, сауланама жүргізген соң, көмегіне жүгінуге шешім қабылдапты.
“Сұхбат кезінде психолог әртүрлі кеңес беріп, өмірге деген көзқарасымды өзгертті. Бұрын ақша бәрін шешеді деп ойлайтынмын, бірақ ол кісімен әңгімелескен соң жасаған ісіңнен рахат алуға болатынын түсіндім. Өмірдегі ең бай адам – рухы берік адам екенін ұқтым. Сөз сүйектен өтетін шығар, бірақ сонымен бірге жанға дауа бола алады, психологтың айтқаны – соған дәлел”, — деп атап өтті Мұхамеджан.
Психолог оқушыларға берген сабағында психологиялық күйіміз де, деніміздің саулығындай аса маңызды екенін түсіндірген.
“Қажетті энергия алу үшін уақытылы ас-су ішуіміз керек. Сол сияқты психологиялық денсаулығымыз үшін қуанышты сәттерден рахат алуымыз қажет, жұмысымыздан ләззат алып, бос уақытымызды қызықты өткізген жөн”, — деп жасөспірім психолог Жадыра Алтынбекованың сөздерін еске алады.
Тағы оқыңыз:
Журналист: Аса қадірлейтін Дулат Исабеков ағам ата сақалы аузына түскенде неге өтірік айтады
Балғынбек Имашев өзіне тоқал іздеп жүргенін айтты
Балғынбек Имашев: “Жүрсіннің жүйрігі” болсақ та, жекеменшік ақыны емеспіз
Алматы облысының тұрғындары аязда өздігінен пайда болған алып мұзды көріп таңғалуда (фото)