Қызылорда қаласында мектеп оқушысы зорланып, анасы өлтірілген
Қызылорда тұрғына қаладағы саяжайлардың бірінде 3 сынып оқушысын зорлап, оны қорғауға ұмтылған анасын өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі, ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл оқиға облыс орталығындағы саяжай аймағының бірінде орын алған.
«Қазір орын алған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігімен және 99-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қалған мәліметтер Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», – деп жазылған облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Астаналық әйел автобус бақылаушысын өзіне қол көтерді деп айыптады
Тұрғын: "Жолаушы жолақы төлеу мәселесіне тап болса, сіздермен дұрыс тілдесе алмайды"
Антибиотик беру, қымтап терлету: Инфекционист ЖРВИ кезінде жиі жіберілетін қауіпті қателіктерді атады
Балаларының қызуы түспеген ата-аналар әлеуметтік желіде алаңдаушылық білдіруде