Қытай шекарашылары ресейлік жұлдыз Лолитаны ер адаммен шатастырып алған
Қытай-Ресей шекарасындағы шекарашылар танымал әнші Лолита Милявскаяны ер адаммен шатастырып алған. Әншінің айтуынша, шекарашылар төлқұжаттағы әншінің жынысын көргенде таңырқап қалған.

Бұл туралы Лолита өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Әншінің айтуынша, қытайлық азамат ұзақ уақыт бойы оның төлқұжатын айналдырып, ойланып тұрған. Ақырында аудармашының көмегіне жүгініп, Лолитадан: «Сіз ерсіз бе әлде әйелсіз бе?» – деп тікесінен сұраған.
Әнші ұзақ ойланбастан: «Әйелмін, бірақ жұмыртқам бар», – деп жауап берген.
Әртістің айтуынша, шекарашы оның айтқанын толық түсінбеген. Алайда біраз уақыттан соң Лолитаны Ресей шекарасына өткізген.
Тағы оқыңыз:
Қазақ эстрадасын Мейрамбек Бесбаевтың басқаратыны рас па
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"