"Құшақтап қатты жыладым": Мөлдір Әуелбекова экс-продюсері Баян Мақсатқызынан кешірім сұраған сәтін есіне алды
Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова сахнаға шығуға көмектескен продючер Баян Мақсатқызынан кешірім сұраған кезін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшалардан алынды
Өнер иесі бүгінде продюсерімен жақсы қарым-қатынаста екенін мақтанышпен айтты.
“Баянмен татуласқалы біраз уақыт болды. Шоу ұйымдастырып, ұшырған қарлығаштарын жинады. Арамызда талай дүние болса да, ол кісіден кешірім сұрадым. Жасым кіші, одан кейін үлкен сахнаға шығуыма мұрындық болған жан. Сахнаға бірге шыққанда жыладым. Себебі сағындым. Ол кісінің өмірінде бірталай жағдайлар болды. Содан кейін көрістік. Аман-есен аяққа тұрған соң бардым. Ол жағдай маған сондай ой салды деп ойлаймын. Өзім барып, өзім кішірейіп, кешірім сұрап, сағынышымды басып, құшақтадым. Ол кісіде де сондай болды. "Осыған дейін неге келмедің?" деп ұрысты. Әдемі әңгімелестік", –дейді Мөлдір Әуелбекова.
-
"Жылап келгенде әкем кіргізбеді": Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты сырды ақтарды
-
"Үлкен үй салып бердім": Мөлдір Әуелбекова ата-анасына ерекше сыйлық жасады
Сондай-ақ өнер иесі орамалы үшін сахнадан жиі шеттетілетінін растады. Тіпті, кино әлемінен де қол үзіп қалған көрінеді.
“Менің орамалға келгеніме төрт жылдан асты. Осы шешімім үшін мені көп жерден алып тастайды. "Орамал үшін" деп ашық бетіме айтады. Орамалым үшін кей шараға шақырмайды. Кейбір сыйлас адамдар не үшін екенін айтпайды, бірақ мен өзім сеземін. Маған "қара тізімге" кіріп-шығудың аса маңызы қалмады. "Ғашық жүректен" кейін киноға түспедім. Бірінің гонорары, басқасының сценарийі ұнамады. Бірақ жақында беделді бір арнадан хабарласты. Сериал түсірейін деп жатыр екен. "Қалаған гонорарыңызды береміз, сізді кастингсіз бірден қабылдаймыз, тек орамалсыз, шашпен келсеңіз" деді. Мен бас тарттым", – деп сырын ақтарды әнші.
Еске салайық, Мөлдір Әуелбекова өнер жолында кедергілер барын жасырмаған еді.