"Құшақтағым келді". Ерке Есмахан абысыны туралы айтты
Әнші Ерке Есмахан құдалықта өзіне сырға салған абысыны жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/erke_esmahan
“Бүгін мен үшін ең ыстық жан – Шаттық жеңге. “Сырға салу дәстүрінің жүгі Райымбектің әулетіндегі ең кіші, әжеміздің қолында тұратын ең сүйікті келініне артылды. Қатты қобалжыды. Толқыды. Қатты уайымдап, сырғаны шеше алмады. Сізді сол сәтте қысып құшақтап алғым келді. Сонда да бәрі әдемі өтті. Сіздің жолыңызды берсін, абысын. Тағатын сырғамды тағып алдым. Енді шешпей ұйықтаймын”, – деп жазды Ерке.
Өнер иесі Райымбектің өзіне арнап ән жазып жүрген кезін еске алды.
“Екеуімізді Алла қоспай, екі бөлек жүргенде, маған хабарласып: “Саған арналған тағы бір ән шықты, тыңдашы” деген еді. “Күрсінбе, біз екеуіміз тек әндерімнің ішінді” деген жолдар бар. Жаным-ау, енді тек әндеріңнің ішінде емес, үйіңнің ішіндеміз, бір шаңырақтың астындамыз. Аллаға шүкір. Алла болашағымызды жарқын етсін! Қалғанын құлағына атамын”, – деп жазды ол ттолқынысын жасыра алмай.
