Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстандық тыңдармандар: Осы күнге дейін Қайрат Нұртастай қарапайым әнші көрмедік

Күні кеше Қайрат Нұртас Қырғыз еліне барып, концерт қойып қайтты. Көршілеріміз отандасымызды ыстық ықыласпен қарсы алып, дәл осындай қарапайым әншіні көрмегендерін айтқан екен.

19622933_1923345981269470_735157508968022016_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

“Қарғыз еліне айтар алғысым шексіз! Келмегеніме біраз жыл болып қалып еді, сағыныштарын байқадым. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Алла абыройымыздан айырмасын! Кешегі керемет кештен бір видео бөлісуді жөн көрдім. Халық мақтау айтып жатса, қуанып қалатынымыз рас. Қырғыз елінен біраз адамдар сұрақ қойып, Қайрат жайлы ойларын бөлісті. “Қаншама жұлдыздар келді. Бірақ, Қайраттай қарапайым әншіні көрмедік” деп жатыр. Өзіме де осы мінезі ұнайды. Алла ұзақ ғұмыр берсін!” – дейді Гүлзира Айдарбекова.

Аталған концертке Сиви Махмұди жетекшілік ететін “Саламат” тобы да барған екен. Олардың барлығы кеш аяқталған соң, Ыстық көл жағасында демалуды жөн көрген.

“Концерттен кейін мынадай әдемі жерде демалуды жөн көрдік. Әрине, Қайратымның өтініші бойынша. Үміт артқан балаларымыз аман болсын! Мұнда мен ұнататын гүлдерімнен аяқ алып жүру мүмкін емес. Осынысымен ұнады”, – дейді продюсер ханым.


Жіберіп алмаңыз:

Қуандық Рахым маймылдармен тілдескісі келіп жүргенін айтып күлдірді

Шілде айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін үздік фильмдер (фото, видео)

Айсәуле Бақытбек: Тек өз тілдерінде сөйлейтін корей халқына қызыға қарадым

Жұрт үйленді деп шуласқан Әли Оқапов басқа қызбен демалып жүр

Талқылау