Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғызстан Қазақстанның 100 млн доллар көмегінен бас тартқанын ресми түрде жариялады

Қырғыз үкіметі Қазақстанның 100 млн доллар көмегі туралы келісімді бұзу туралы заң жобасын парламентке жолдады. Бұл туралы вице-премьер-министр Дуйшенбек Зилалиев хабарлады.

“Біз бұл көмектен бас тартамыз деп шештік. Басқа сөзбен айтқанда, енді біз көмекке зәру емеспіз. Біз қаржы көзін бюджеттен немесе қазынадан тыс жерлерден іздестіреміз. Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық қауымдастығының талаптарына сай 14 зертхана құрылысы аяқталып қалды. Оны өзіміз қаржыландырамыз. Жыл аяғына дейін олардың көбісінің құрылысы аяқталады”, – деді Зилалиев.

Хабарларларға қарағанда, Қазақстанмен келісімді бұзу туралы заң жобасын парламентке экономика министрі Артем Новиков таныстырады. Құжат кезектен тыс қаралады.

Қазақстанның Қырғызстанға 100 млн доллар бөлуі туралы келісім өткен жылдың аяғында Санкт-Петербургте Еуразиялық Экономикалық Жоғарғы кеңестің отырысында қабылданған.

Қаражаттың алғашқы бөлігі – 41 млн доллар кеден, көлік инфрақұрылымы, ақпараттық әріптестік, өрт қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, санитарлық эпидемиологиялық бақылау, фитотазалық және ветеринарлық шараларға арналған.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қырғыздардың көмектен бас тартатыны туралы ресми мәлімет түспегенін хабарлаған.

Жіберіп алмаңыз:

Үйлену тойының соңғы сәтінде райынан қайтқан қыз желіде шу болды (видео)

«Титаник» кемесі жолаушысының анасына жазған хаты аукционға қойылды

Теміртауда күйеуін пышақтап өлтірген әйел абақтыда асылып қалды

Талқылау