"Құны 625 мың теңге": Гүл шоғының орнына бренд сөмке лақтырған қалыңдық көпшілікті таңғалдырды
Тұрмысқа шығып жатқан бойжеткен қалыңдық гүлін лақтыру дәстүрін өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengri Life порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: https://www.tiktok.com/@a.togzhana/
Тоғжан есімді ару ұзату тойында құрбыларына гүлдің орнына сөмке лақтырды.
“Қалыңдықтың гүлі өте қарапайым деп ойладым. Ал сөмке – тұрмысқа шықпаған қыздар үшін жақсы, қажет әрі есте қаларлық сыйлық. Мен бұл туралы олардың ешқайсысына айтпадым, сондықтан сөмке тосынсый болды", – деп жазды қалыңдық.
Желі қолданушыларының сөзінше, құрбылары мұндай сыйлықты күтпеген, бірақ қатты қуанған. Олар болашақ тойларда гүлден гөрі пайдалы тұтынатын зат лақтыруды әдетке айналдыру керек екенін де айтып жатыр. Тоғжан 2005 жылы шыққан Prada Re-Edition-ді таңдаған. Ол бірнеше жылдан бері сәннен түспей келеді. Мұндай аксессуардың құны – 625 мың теңге.
@a.togzhana 🙈
♬ оригинальный звук - a.togzhana
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен