Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құны – 45 миллион теңге": Ерке Есмахан бренд жүзіктерін көрсетті

Танымал әнші Ерке Есмахан бағалы әшекей бұйымдар көрмесіне барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесі Chopard брендінің жүзіктерін таңдады. 

"Махаббаттар күнін бастап кеттік. Бүгін Chopard бутигінде жаңа коллекция мен бриллианттардың көрсетілімі. Соған арнайы келдік. Сосын вип кинозалда бутик ұйымдастырған “Бриджит Джонс” фильмін тамашалаймыз. Мынау құны 45 миллион теңге тұратын сақина. Барлығымызға жұғысты болсын!”, – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, эстрада жұлдызы әшекей бұйымдарға қызығатынын жасырмайды. Тіпті, елде жоқ болса шетелден арнайы тапсырыспен алдыратынын да жасырмайды. 

“Туған күнімді тойламайтын болған соң, күйеуім қалағаныңды әперем деді. Сөйтіп ол бір ай концертке дайындалған кезде мен бір ай бойы өзіме сыйлық алумен болдым. Тапқанымды Алматыдан алдым, таппағанымды шетелден алдырдым. Бұл соңы емес деп отырмын”, – деп жазды Ерке Есмахан. 

Бұған дейін, "Келмей жатып, қарайып кетті" деп эстрада жұлдызы шығарған әшекей бұйым сынға қалған еді. 

Талқылау