"Құны – 300 миллион теңге": Блогер Дархан Жолшыбековтің үйін атыраулық әйел ұтып алды
Алматылық блогер Дархан Жолшыбеков өзі тұрып жатқан үйін ұтысқа тігіп жіберген еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Желі жұлдызы құны 300 миллион теңге тұратын үйін курс сатып алғандар арасында ойнатты.
Атырау облысы Индер ауданында тұратын 31 жастағы Сапанова Әсемгүл есімді төрт балалы келіншек конкурстың жеңімпазы атанды.
“Дарханға ешқандай таныстығым жоқ. Курсын сатып алдым. Шынайы ұтысты иелендім деп ойлаймын. Балаларымның несібесі”, – деп жазды атыраулық келіншек.
-
Daricorn әзілкеш Нұрлан Сабыровқа қанша теңге төлегені белгілі болды
-
"Барлық баласына бөлме жетеді": Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қуанып жатса, енді бірі сенбейтінін жасырмады.
“Дарханның өз адамдары шығар”, “Негізі үй ұтып алуға болады”, “500 мың адам курсын сатып алған. Тағы да 300 миллион үйді сатып алады”, “Ешқандайда да батпан құйрық емес. Бәрі рас. Құттықтаймыз”, “Дарханның өзі аты шыққан алаяқ” – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Дархан Жолшыбеков тұрып жатқан зәулім үйін тегін беретінін айтқан еді.