Құны 1,3 миллиард теңге: Алматы облысында заңсыз әкелінген 2 миллионнан аса темекі қорабы тәркіленді
Қаржылық мониторинг агенттігі акциздік төлемсіз астыртын әкелінген темекі сақталған қойманы анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Агенттік мәліметінше қоймада заңсыз сатуға арналған 2 миллионнан аса шетелдік темекі қорабы сақталған.
“Тергеп-тексеру барысында темекі өнімдерінің құны 1,3 миллиард теңгені, ал төленбеген акциз сомасы 580 млн теңгені құрайтыны анықталды”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық іс сотқа жолданып, темекі өнімдері ел аумағында сатуға жарамсыз болғандығына байланысты (техникалық талаптарға сәйкес келмеуі) жойылды.
Өзге ақпарат Қылсмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады