Қымбат Әбілда: Замираның бойында қазаққа тән аңғалдық, ақкөңілділік қасиеттер бар
Танымал журналист, “Айгөлек” журналының бас редакторы Қымбат Әбілдақызы “Қалаулым” шоуының атышулы қатысушысы Замира Сұлтанға қатысты пікірін білдірді. Ол шын мәнінде Замираның ақкөңіл әрі адал екенін айтып, оған ұстамды болуға кеңес берді.
Қымбат Әбілдақызы Замираны 7-арнаның “Өз ойым” бағдарламасында алғаш рет көргенін тілге тиек етті, деп жазады Stan.kz.
“Мен Замираны бірінші рет көріп тұрмын. Ғабит Мүсірепов айтқандай, адамға жақсылап қарасаңыз, оның осыған дейінгі бүкіл өмірін алақанға салып алуға болады. Ал бізде ел баласының тәрбиесімен, ұлт мәселесімен айналысқан адам ретінде айтарым, Замира – шеше емес, көше тәрбиелеген қыз”, – деген Қымбат Әбілдақызы Замираның шын мәнінде жаман қыз емес екенін атап өтті.
“Замира негізі жаман қыз емес. Мына қыздың бойында адалдық, ақкөңілділік бар. Қазаққа тән аңқаулық, аңғалдық сияқты жақсы қасиеттер бар. Әр адамның ішінде дер кезінде ашылатын бұлақ көздері болады, бұл қыз сол кезде жетектелмеген не жетекке көнбей, қырсыққан. Сол енді әдет болып қалған. Бәрінен де жаныма батып отырғаны, Замира, саған қарасаң көз тояды. Бұлтиған, кәдімгі ажарың ашық, жақсы-ақ қызсың. Қолыңнан өзіңді-өзің қолға алу келеді. Сенде бір еркіндік кеткен. Мына жасыңда балаларыңды қатты ұстайтын кезде, сен еркелеп отырсаң, не істейміз?! Қол-аяғың балғадай, көрсе көркің бар. Жақсы мен жаманды айыра аласың. Сен қыз мына заманда, мына жасыңда, жұмыс істемей үйіңе қалай сыйып жүрсің?” – деп сынға алды журналист.
Өз кезегінде Замира бір үйдің еркесі болып өскенін атап өтті.
Тағы оқыңыз:
70 жастағы шалды билеткен Нұржан Керменбаев желіні шулатты (видео)
Шаханов: Қанша елде болдым, дәл Мұқағалидің туған жеріндей дархан ауылды көрген емеспін