Құмар ойынға құныққан жамбылдық тұрғын ауылдастарының 19 бас малын ұрлаған
Жамбыл облысында құмар ойынға құныққан азамат ауылдастарының 19 бас малын ойынға салып жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Барымта жасаған 35 жастағы тұрғын әуелде жайылымда жүрген алты бас ірі қараны қолды қылған. Араға 10 күн салып тағы 13 жылқы ұрлаған.
Арасында бәйге, көкпарға қосып жүрген асыл тұқымдылары бар. Олардың әрқайсысының құны 2,5 миллион теңгеден асады.
Ер адам түнделетіп Меркі ауданындағы базарға бара жатқан жерінен ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындап, ауылдастарының 10 миллион 400 мың теңгесін толық өтеп берген.
Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”