Құмар ойынды жарнамалаған блогер Байзақовтың видеосы тексеріске ілікті
Фото: pixabay.com
Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Сабырғали Балғалиев құмар ойынға жарнама жасаған қазақстандық блогердің ісі қаралып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистер Балғалиевтен аталған жарнамасы бар видеода алматылық блогер Байзақовтың (аты нақты көрсетілмеген) әрекеті қаншалықты заңды екенін сұрады.
"Біз заңсыз ойын бизнесіне қатысты әрекеттерді тоқтату жұмыстарын жүргізіп келеміз. Оның ішінде заңсыз контент пен құмар ойындарды жарнамалағаны үшін де жауапкершілік қарастырылған. Бұл – әкімшілік құқықбұзушылық", – деді спикер.
- Қазақстанда алимент бойынша қарызы барларға құмар ойын ойнауға тыйым салынып жатыр
-
Енді әскерилердің құмар ойындарға қатысуы елеулі тәртіптік теріс қылыққа жатқызылады
Оның айтуынша, Байзақовқа қатысты материалдар жиналып, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне жолданған.
Астанада 68 жастағы қарияны металл іздегіштен өтерде шалбарын шешкені үшін жазаға тартты
Қазақстандықтар қарияны жақтап полицияның әрекетіне наразылық білдірді
"Алып қашып кетпек болған": Алматыдағы гүл сататын дүкен қыздың жеке дерегін біреулерге беріп жіберген
Белгілі болғандай, бұл жігіт бұған дейін де мазалап жүрген