Құлағынан сүйреп шығарды: Алматыда балабақша тәрбиешісінің әрекеті әшкере болды (видео)
Алматыда балабақша тәрбиешісі тәрбиеленуші қиянат жасады. Оқиға туралы видео әлеуметтік желілерде жария болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кадрда балабақша тәрбиешісі балалардың құлағынан ұстап, оларды есіктен шығарып жатқандығы көрсетілген. Посттың астында оқиға №7 балабақшада болған деп айтылады. Қалалық білім бөлімі тексеру үшін арнайы комиссия құрылғанын атап өтті.
«Осы факт бойынша, басшыдан бастап барлық қатысты адамдарға заңға сәйкес шаралар қабылданады. Видеодағы дауыстың иесі №7 балабақша меңгерушісі ме, жоқ па ол жағы әлі белгісіз. Тексеруден соң белгілі болады. Бірақ заң алдында бәрі бірдей, тексеру аяқталғаннан кейін нәтижелері қосымша жарияланады», - деді Алматы қалалық білім басқармасының қызметкері Қуандық Ешімет.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті