Малақай мен домбыра: Қазақстанда Джеки Чанға не сыйлады? (видео)
Қыдырәлі Болманов әлемге танымал актер Джеки Чанға қазақтың ұлттық аспабы домбыраны сыйға тартты.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше Джеки Қазақстан-Қытай кинофестиваліне қатысу үшін арнайы Астанаға табан тіреді. Қытай актерін көру үшін елордада қоныс тепкен Қазақстан жұлдыздарының түгелі дерлік “ҚазМедиа Холл” орталығына жиналды. Танымалдар Джеки Чанмен түскен суреттерін желіге жарыса жариялап жатты.
Қыдырәлі Болманов та әріптестерінен қалыс қалмады. Айтпақшы кездесу барысында Болманов Джекиге домбыра сыйлапты.
Бұдан өзге, “Қазақстан” Ұлттық телеарнасы Джекиге малақай бас киімін кигізіп, ұлттық нақыштағы белбеу тақты.
Жіберіп алмаңыз:
Джеки Чанмен вальс билеген Динара Сәтжан желіні “жарды” (видео)
Джеки Чан мен Димаш сахнада ән шырқады
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар