"Құдды бір "Титаник" фильміндегідей": Өскеменде студент жігіт әжейді құтқарып қалды
Өскеменде Ертіс өзеніне түсіп кеткен кейуананы 20 жастағы студент өз басын қатергі тігіп құтқарып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Су алмақшы болып өзенге барған зейнеткер мұз сынып, құлап кетіпті. Төменге ағып бара жатқан әжейді көрген Артем Боровиков дереу мұздай суға секіріп түсіпті. 10 метр жүзіп барып, кейуананың күртешесінің жағасынан ұстап үлгеріпті. Алайда оны жағаға шығара алмаған. Құтқарушылар келгенше жас жігіт тастай суда зейнеткердің ағып кетуіне жол бермей ұстап тұрыпты.
"Басында жүзіп барып жағаға шығарамын деп ойладым. Алайда суға түскен соң бұл мүмкін болмады. Құтқарушылар келгенше әжейді батып кетпесін деп құдды бір "Титаник" фильміндегідей ұстап тұрдым", - дейді студент Артем Боровиков.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"