Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құдайдың құдіреті деп неге алдайсыңдар": Мақтааралдағы судан аман қалған мешіттің сыры ашылды

Өткенаптада Түркістан облысында бірнеше ауыл суға кетті. Су басқан ауылдағы мешіт қана аман қалды. Айналасы судан құрғақ тұрған мешіттің суреті желіген тарап, көпшілік таңдай қағысып жатты. Алайда мешіттің де ауласын су басып, кейіннен құрғағаны белгілі болды.

Бастапқыда мұны Алланы құдіретіне балап, жаратылысқа бас иген халық енді мешітті де су басқанын біліп жатыр.Мұны неге исламмен, құдіретпен байланыстырды деп сынап жатқандар да бар. 

Арман Әубәкір facebook парақшасына: «Осы дінде өтірік айтқан күнә да, ал дінге адамдарды тарту үшін өтірік айтқан күнә емес екен» деп жазды.

Мешіттің суретін алғашқылардың бірі болып желіге жүктеген Мұхамеджан Тазабеков кейіннен түсініктеме берді. 

"Мақтаралдағы мешіттің біресе суда тұрған, біресе құрғақ хәлдегі фотосы интернетте талас туғызып жатыр. Жақсылап сұрастырдым, екеуі де рас. Алдын ауылға су кіргенде мешіт ауласына да жайылған, кейін су арнасы түсе бастағанда мешіт төңірегіндегі су бірден тартылып кеткен. Видео алдын таспаланған, фото кейіннен түсірілген. Бұл дауға айналдырып, талас туғызатындай күрделі мәселе ме? Бәрі түсінікті емес пе? Ия, жер биік шығар. Аула құмдауыт шығар. Бірақ оны халықтың мешітке деген құрметіне қарсы қойып қажеті қанша? Елден бұрын мешіттің айналасы құрғаған екен, оны көрген мұсылман "бұл да бір Құдайдың құдіреті" депті. Оның қай жері надандық? Әр нәрсені көріп, Алласын есіне алған, жақсылыққа жорамалдап, көргенінен ғибрат іздегенде тұрған не бар?



Мешітті су баспақ түгілі, қиратып тастаған замандар болған. Одан мешіттің қадірі түсіп, халық жүрегіндегі дәрежесі кеміді ме? Мешіт қирады екен, деп, мұсылман Исламнан қашты ма? Әрине, жоқ. Ислам ғажайыптар мен тылсым түсініктерге құрылмаған дін екенін бәріміз де білеміз. Ақылдың діні, ғылымның діні екенін, Құдайдан ғалымдар қаттырақ қорқатыны жайлы аятты да оқығанбыз. Ғылым, білімге ыждаһат жасамай, мистика қуып, көсемін құдайдай көріп, қолы тәспіден, көңілі нәпсіден босамаған қаншама ағымдардың адасып, ерушілерін артқа тартқанына тарихтан таныспыз. Әрине, Әл-Фараби мен Ибн Синаның қалдырған ізін көріп тұрсақ та, бүгінгі үмбет - біздер Илон Маск пен Стиб Джобстың көлеңкесіне де ере алмай жатқанымыз өкінішті.

Тазабеков бұдан ешқандай кемістік не надандық, құдіретсіздік көрмейтінін айтты. Кез келген нәрсені көргенде құдайдың құдіретін сөз ететін мұсылман үшін бұл мансұқтайтын жайт емес деген пікір айтты. 

"Надандықпен, қараңғылықпен күрескеніміз жақсы, бірақ "Исламнан бездіріп жатсыңдар, дінге көлеңке түсірдіңдер" деп, байбалам салар жер бұл емес. Сирияға кетіп соғысып, ата-анасымен ас ішпей, некеге немқұрайлы қарайтын, дәстүрді мансұқтап, ұлтын менсінбейтін қаншама шетін көзқарастар мен шектен шыққандар жүр. Соларды тәрбиелеп алсақ та аз олжа болмас еді. Қанша биіктен қарасақ та жәй адам өз қөзқарасымен өмір сүреді.

Қарапайым халық қарапайым нәрсеге таң қалады. Судың ә, дегенде мешіт ауласынан бастап құрғағанын көрген жұрттың, "Құдайдың құдіреті" дегенінде тұрған не бар?

Ол сөзді мен де айттым. Мешіт түгілі біреудің баласы әкесінен аумай қалса да "Құдайдың құдіреті" дегенді айтамыз. Оның несі надандық. Елдің бәріне түсінікті жәй болса да, бітік шыққан егінді көрсек те, жауайын деп тұрған бұлтты жел айдап әкетсе де "Құдайдың құдіреті" деген сөзді қолданып жатамыз. Біреудің сенімін сыйламасақ, құрметіне қалай бөленеміз. Құрметпен қарамаса, Ислам - ақылдың, пікірлеу мен пайымдаудың діні екенін қалай түсіндіресіз?!

Көрген ғажайып пен түсінбеген тылсымға қарап, "Құдайға жақын болам, Ислам деген осы" деп, уағыздауға мен де қарсымын. Бірақ, көргенінен ғибрат іздеп, көңіліне тіреніш тапқысы кеп тұрған пендені де "надан, көрсоқыр, артқа тартушы" деп айыптауды қолдамаймын. Әр нәрсенің ортасы бар. Бауырыңның жазғаны ұнамаса, тарпа бас салма, түсіндір. Ұлағатың жеткенше ұғындыр. Қазақ қазақты өзіндей көрмей, көші алға жүрмес.

Жек көргеніміздің басын алғымыз кеп, жақсы көргеніміздің желкесінде отырғымыз келеді. Неге орташа мәміле жасай алмайды екенбіз?
Қасиетті Рамазан талас-тартыстың айы емес, ынтымақ берекенің айы. Нақты біреуге айтқан сөзім емес, жалпы жағдайға байланысты ойымды білдіріп жатқаным", - деп жазды Тазабеков желіде. 
 

Талқылау
Пікір
Нурик
16 Қар, 20 жыл - 15:31

әйтеу, Қазақ біріңді бірің шұқылап арттарыңды ашуға құмарсыңдар.