Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"1000 теңге болса үндемес едім": Дәулет Мұқаев әнші Құдайберген Бекішті халыққа күштеп билет сатқызды деп сынады

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жеке парақшасына әнші Құдайберген Бекіштің концертіне мұғалімдерге мәжбүрлеп билет сатып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған ауданның мектеп мұғалімі Дәулетке хат жазып, билеттің фотосын да жіберген.

"Осындай концерттер қашан бітеді? Құдайберген Бекіш, сіздің концертке билеттер күштеп сатылып жатқанын білесіз бе?! Әрине, білмейсіз. 1000-2000 теңге болса, бәлкім үндемес едім. 10 мың теңгелік билетті мәжбүрлі түрде алғызу дұрыс емес", –деп жазды депутат Дәулет Мұқаев Instagram парақшасында. 

Концерт беруші бұл жайдан бейхабар екенін айтып ақталды. Өнер иесі Nur.kz порталына сұхбат беріп, Іле ауданында ешқандай концертім ұйымдастырылып жатқан жоқ деді. 

“Алматыда концерт беретінім рас. Бірақ Іле ауданында концертім ұйымдастырылып жатқан жоқ. Алматы облысын аралап билет таратқан емеспін. Ондай бағаға тек Димаштың концерті ғана өтуі мүмкін. Ешкімді концертіме кел деп мәжбүрлемеймін. Қазір кім-кімді мәжбүрлей алады?! Сосын бұл менің шағын ғана шығармашылық кешім. Жыл сайын жыл аяғында осындай кеш ұйымдастыратыным бар. Қайырымдылық концерті десе де болады. Ақшаның соңына түскен адам емеспін. Бармаймын деген адамды ешкім сүйреп әкелмейді ғой. Ешкімнің басы екеу емес. Бұл дұрыс емес. Бұл жерде көреаалмаушылық та бар шығар?! Қылт етсең болды, сенің жаман жағыңды көреді", – деп ақталды әнші. 

Сондай-ақ Іле ауданының білім бөлімі “істің мән-жайы анықталып жатыр” деп қысқа қайырған.  

Талқылау