Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құдай үшін барыңыздаршы": Меруерт Түсіпбаева парламенттегі зейнеткерлерді сынап тастады

Әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында парламентте жұмыс істеп жүрген зейнет жасындағыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коллаж

Суреттер:  informburo.kz, instagram.com/meruert_tusupbaeva/, qamshy.kz,  bnews.kz 

Меруерт Түсіпбаева зейнетке шықса да, парламентте жүрген қызметкерлерді сынға алды. Өз кезегінде оларға немерелеріне қарауға кеңес берді. 

«Апатай-атайлардың бір демалатын уақыты келді енді. Ұят болады. Бағылмай-қағылмай жатқан немерелеріңізден ұят! Жүрдіңіздер ғой, риза шығарсыздар халыққа. Құдай үшін барыңыздар енді. Шаршайтын уақыт келді-ау. Сіздер шаршамасаңыздар, біз точно шаршадық сіздерден. Түріктер адам жолға шығып, көлік жылжи бастағанда артынан су шашады. Мен дайынмын. Су да дайын. (10 шелек)», - деп жазды Меруерт Түсіпбаева. 

Меруерт

Желі қолданушылары әншінің жазғанын әзілге балап, пікірін қоштайтынын жарыса жазды. 

«Анау бір-екі апатай зейнетке кетсе, бізді кім күлдіртеді?», «Дұрыс айтасыз. Демалсын, жастары келді», «Әңгіме жоқ, риза боламын. Сізден үлгі алуға болады. Жасай беріңіз», «Түк пайда жоқ. Алжыды бұл кісілер. Зейнетақысын алып, немерелерін бағып үйде отырсын» деп жазды желідегілер. 


Жасы үлкен кісі: Меруерт Түсіпбаева кіммен көңіл қосқанын айтты  >>>

 

Талқылау