Күйеуін “педофил” деп айыптаған қазақстандық блогердің үстіне ата-аналардан арыз түскен
Күйеуін педофил деп айыптаған қазақстандық блогер Құлпынай Қалменованың атына төрт арыз түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж: Stan.kz
Бұл туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Бұған дейін хабарланғандай, бұл оқиға бойынша Наурызбай аудандық полиция бөлімі тергеу жүргізіп жатыр. Сонымен бірге, аталған полиция бөліміне азаматша К-ға (жазбалардың авторы) қатысты, оның ішінде кәмелетке толмаған екі қыздың заңды өкілдерінен төрт арыз түскенін хабарлаймыз", – деп толықтырды полицейлер.
Еске салайық, қаңтар айының басында қазақстандық блогер Құлпынай Қалменова күйеуін педофил деп айыптаған болатын. Ол күйеуінің кәмелетке толмаған қыздармен жазысқан хаттарын жариялады.
Бұл оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева жауап берді.
"Уәкілетті органдармен бірлесе отырып, біз балалардың құқықтарын қорғау үшін барлық шараларды қабылдаймыз", – деп сендірді ол.
Еске салсақ, осыған дейін желіде оралдық блогер Қолғанат Жұмабаев кәмелетке толмаған қыздарға жазып, қырындады деген дау шықты. Блогердің әйелі Құлпынай Қанат ер адамның кішкентай қыздармен түскен фотоларын, хаттарын және басқа жасөспірімдердің мойындаған оқиғаларын жариялады.