"Күйеуімнен ештеңе сұрап көрмеппін": Жазира Байырбекова мәһрге қатысты ойын бөлісті
Танымал әнші Жазира Байырбекова қоғамда кеңінен талқыланып жүрген мәһр мәселесіне тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhazira_bairbekova
Өнер иесі күйеуі әйеліне сыйлықты өз еркімен сыйлауы керек деген пікірді алға тартты.
“Мәһр" сұраған сіздерше дұрыс көріне ме? Жігіт мәжбүрлемей, сыйлықты өз қалауымен алып берсе, әдемі емес пе? Өзім күйеуімнен ештеңе сұрап көрмеген соң көзім үйренбеген бе, білмеймін. Оның үстіне "ерлі-зайыптының арасына есі кеткен түседі" деген сөз бар еді. Ортаға молданы салып, дүние сұрау біздің салт-дәстүрімізде болған ба? Мәһр сұрағандар мен сұрамағандардың отбасына әсері, айырмашылығы қандай, жазыңыздаршы?! Біле жүрейік", – деді әнші.
-
"Енесінен қорқып тұр": Желіге мәһрден бас тартқан қалыңдықтың видеосы тарады
-
"Өзім қалаған дүние": Баян Мақсатқызы мәһрге не сұрағанын айтты
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, мәһрге қандай зат сұрағандарын жарыса жазып жатыр.
“Мәһр беру өзбек пен иран деп бөлінбейді. Мұсылманға тән әдет-ғұрып болып есептеледі”, “Үйленгенімізге 30 жыл, неке сыйлығы дегеннің нек екенін білмедік”, “Бірге еңбектеніп, барлығына қол жеткіздік”, “Күйеуім мәһрге көлік сыйлады. Қазір қызметімізге жарап тұр”, “Мәһрді қолдаймын. Жігіт шамасына қарай сыйлық жасауы керек”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық келіншектер өзге діни ағымды ұстанатындар қалай көп әйел алатынын айтып берген еді.