Күйеуім елге масқаралап жүр: "Жезқазғандық жезөкше" атанған келіншек бар шындығын айтты

Жезқазған тұрғыны Мөлдір Атайбекова өзін күйеуі қорлап жүргенін айтады. Өзі тұрып жатқан Жезқазған қаласына суреті тарап, жаман атқа қалғанын жасырмайды. Бұл іске бұрынғы жолдасын кінәлап, тиісті жазасын алғанын қалайды. 

Бұл туралы Астарлы ақиқатқа сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мөлдір Атайбекова екі баланың анасы. 10 жыл тұрған жолдасымен 2 жыл бұрын ажырасып кекен. Қазір суреті Жезқазған қаласына тарап, жаман атқа қалған. 

"Жезқазғанда адам жүретін жерлерде, көшеде, дүкен алдында менің суреттерім ілініп тұр. Хабарлама беретін жерге хабарламалар ілінген. Мая деген есіммен менің суретімді қойып, интимдік қатынас қызметін ұсынып жүр. Көп азаматтар маған хабарласып, қызмет сұрайды. Мен оның шатасқанын айтамын. Бұл туралы әпкелеріме, бауырларыма, әке-шешеме де аян болды. Олар маған сенеді. Менің жеңіл жүріске бармайтынымды біледі", - деді ол. 

Мөлдір Атайбекова бұл іске бұрынғы жолдасын кінәлайды. Себебі алимент төлей бастағалы бері, осындай амалдар жасап жүр деп топшылайды. 



"Ажырасқалы бері маған қоқан-лоқы жасап жүр. Балаларды тартып аламын деп, үйді тартып аламын деп, мені жаман атқа қалдырмақ ниетте. Мен бұл туралы өзіме бәле жаба ма деп полицияға арызданған жоқпын. Амалым таусылғандықтан телебағдарламаға келіп отырмын", - деді Атайбекова. 

Бағдарламаға телефон арқылы жауап берген бұрынғы жолдасы Еркебұлан өзінің бұл іске түк қатысы жоқ екенін айтты. 

"Менің өз отбасым, балаларым бар. Менің Мөлдірде шаруам жоқ. Көңілдесінің әйелі істеп жүргенге ұқсайды. Кеше анықтап көрген едім", - деді ол. 

Алайда бағдарламаға келуден бас тартты. 

Мөлдір Атайбекова күйеуімен бірге тұрған уақытта оның жүріс жүргенін жасырмайды. Ажырасуға себепші болған да сол.

"Небір қылықтарын көрдім. Тамақ ішіп отырып, төге салатын. Құшақтап отырып, ұрып жіберетін. Дәрігердің де психикалық ауытқуы бар деген диагнозы бар", - деді ол. 

Айтуынша, өзінің жездесінің қарындасы өзінің күйеуі Еркебұланмен кездесіп, көңілдесі болған. Ол үшін екеуі де талай рет кешірім сұрапты.

Бұл ретте заңгер мен сарапшылар кінәлі адамды табуға болады деген пікірде. Ол үшін полицияға арыз жазу керек. Іс азаматтық әрі қылмыстық іс ретінде жеке-жеке қаралады. Сайтқа хабарлама берген адамды да табуға болады дейді олар. 

Астарлы ақиқат бұл істі соңына дейін бақылауда ұстайды. Мөлдірді кімнің жарнамалап жүргені алдағы уақытта анықталады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр